Таңдаулы жаңалықтар:

АУДАНДА МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

🔹Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы мектептердің жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру мақсатында арнайы аралады.

🔹Аралау барысында білім ордасындағы сыныптардың дайындығы, санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.

🔹Аудан басшысы барлық карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

🔹 Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы дене шынықтыру алаңы мен мектептің кіре берісіндегі әрлеу жұмыстарына баса назар аударып, тазалық мәселелеріне басымдылық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.

📣Айта кетейік, бүгінде аудан аумағындағы 40-қа жуық мектеп жаңа оқу маусымына дайындалуда.