Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды
Атырауда мектеп директорынан туберкулез анықталды. Денсаулық жағдайына байланысты қазіргі уақытта білім ордасының басшысы жұмыстан шеттетілген
Мектепте санитарлық іс-шаралар өткізіледі. Бұл ақпаратты Атырау қалалық білім бөліміндегілер растады, деп жазады «Мой город» басылымы.
Ведомствоның мәліметінше, мектеп басшысымен байланыста болған оқу орнының педагогикалық құрамы мен басқа да қызметкерлері медициналық тексеруден өтеді.
Сонымен қатар, оқу орнында тиісті санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр.