Атырау облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат сынықтары табылды
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нысан құлап, өртенген. Ол ауыл-қала аумағынан алыс жерде табылған. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
– Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан тұрғындар мекендейтін аумақтан тыс аймақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомство.
Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр.