Ақтау әуежайында есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетелдік ұсталды
Ақтау әуежайында есірткіні асқазанына салып өткізбек болған шетелдік ұсталды
Ер адамнан жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласы анықталды.
ҰҚК мәліметінше, екі айда есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды.
▫️Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 елі гашиш майын жеткізген қазақстандық ұсталды.
▫️Сондай-ақ ірі көлемдегі «көкнәр сабағын» контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, одан есірткі өндіруге күдікті қылмыстық топ құрықталды.
Нәтижесінде 23 қазақстандық және 3 шетелдік ұсталды.