Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

АҚШ пен Израиль соққыларынан Иран жарықсыз қалды

0 15

Тегеран мен Иранның бірқатар өңірінде инфрақұрылымға жасалған соққылардан кейін электр энергиясы өшті, қазіргі уақытта билік өкілдері қазір қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл ақпаратты ирандық Nour News агенттігі таратты.

— Бірнеше минут бұрын АҚШ пен Израиль Тегеран провинциясындағы электр станцияларына, сондай-ақ Тегеран қаласының кей аудандары мен Әлборз провинциясына соққы жасады. Салдарынан аталған аумақтарда электр қуаты өшірілді. Энергетика министрлігінің мамандары мәселені шешуге тырысып жатыр, — делінген хабарламада.

Электр қуатының үзілуі ел астанасын ғана емес, солтүстіктегі оған іргелес өңірлерді де қамтыды.

СЕБЕП

Кейін жарықтың өшуі энергетикалық инфрақұрылымның зақымдануынан болуы мүмкін екені анықталды. Агенттік мәліметінше, жарылған снарядтың сынықтары Әлборз провинциясындағы жоғары кернеулі электр желісінің тірегіне тиген. Салдарынан Душантепе қосалқы станциясы зақымданды. Бұл Тегеранның жекелеген аудандары мен Кәрәж қаласында электр қуатының өшуіне әкелді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.