Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды
Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Қорғаушылары бірінші инстанциядағы сот үкімін негізсіз деп танып, күшін жоюды сұраған.
Былтыр 11 қарашада Талғар аудандық соты «адам ұрлау», «бопсалау», «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталған Хасан Қасымбаев пен тағы бес адамды кінәлі деп танып, 8 жылдан, 22 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған.
Атап айтқанда, Хасан Қасымбаев 12 жылға, Сайлау Ақтанов 8 жыл 6 айға, Данияр Асқаров пен Руслан Әлиев 8 жылға, Мадияр Қалымжанов 9 жыл 6 айға, Нұрмұхамет Сұлтанбеков 22 жылға сотталды.