Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

20 қаңтардағы түскі саудада доллар арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 462,55 теңгені құрағанын мәлімдеді

0 1

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,10 теңгені (-0,15) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,04 теңге, рубльді 6,73 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462-465,6 теңге, еуро 501-506 теңге, ресей рублі 6,45-6,7 теңге аралығында сатылуда.

Ал 20 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,12%-ға қымбаттап, барреліне 86,26 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,21%-ға өсіп, 80,5 долларды құрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.