Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«2 млн теңге алатын»: Абдуллин «Қазақмыс» төрағасының кеңесші болған

0 241

Өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі экс-әйелімін деп таныстырған Ақмарал Баққараева әртістің миллиондап табатын табысын жасырып, ұлына алимент төлеуден қашып жүргенін айтты.

«ҚАЗАҚМЫС» ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІ

Әйелдің сөзінше, Абдуллин барынша аз алимент төлеу үшін дүние-мүлкінің бәрін өзгелердің атына жаздырған. Тіпті, сараңдық танытып баласының оқу ақысын да төлегісі келмейді екен.

– Балам жекеменшік мектепте оқиды. Айына 500 мың теңгені өзім төлеп отырмын. Одан бөлек, әнші Майра Ілиясованың мектебіне вокалға бердім. Олар да тегін оқытпайды. Қыруар табысы болса да баласының жағдайын жасағысы келмейді. Басқа кірісінен бөлек, «Қазақмыс» төрағасының кеңесші болып жүргенде 2 млн теңге жалақы алатын, – дейді Баққараева.

Әйел әншіден Алматының мәдениет басқармасында жұмыс істегенін, ол жақтағы табысын да жасырып келгенін айтады.

– Тиын-тебен төлеп отыр. Үй алып беретін шамасы жетеді. Туған ұлы ғой. Алиментін дұрыстап төлесін. Баласымен аралассын. Оған әке керек. Мен жалғыз тапқан жоқпын бұл баланы. Абдуллиннің тұқымы. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, бағып-қағып отырмын. Неге ол туған баласының жағдайын жасамайды? – деп күйінеді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.