Тараз – қауіпсіз қала: мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Тараз қаласында тұрақты түрде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Шаралардың негізгі мақсаты – алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару деректерін анықтау, жолын кесу және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу. Себебі мас күйінде рөлге отыру – тек жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысатын барлық азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық.
Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласының көшелерінде алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған бірнеше жүргізуші анықталды. Полиция қызметкерлері оларды заңнамада белгіленген тәртіппен тексеріп, құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған жүргізушілер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын басқару кезінде жауапкершілік танытуға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырмауға шақырады.
Есіңізде болсын: мас күйінде көлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, өзге адамдардың да өміріне төнген қауіп.
Тараз – баршаға ортақ қала. Оның қауіпсіздігі әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Жолда тәртіп сақтап, қауіпсіз қала қалыптастыруға бірге үлес қосайық!