Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда мыңнан астам аула жарықтандырылды

0

Бүгінде Таразда Мемлекет басшысы Жолдауының «Энергетикалық теңгерімді жаңарту» бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар шаһарда инфрақұрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне бағытталған. Өйткені электр энергиясымен үздіксіз қамту, көшелер мен аулалардың сапалы жарықтандырылуы – заманауи әрі қауіпсіз қаланың негізгі талаптарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, атқарылып жатқан жұмыстар «Қауіпсіз қала» жобасының мақсат-міндеттерімен де тығыз сабақтасып жатыр.


Қала маңындағы саяжай алқаптарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жоғары вольтты электр желілері мен қосалқы станциялар құрылысы аяқталды. Бұл шалғай аумақтардағы электрмен жабдықтау сапасын жақсартып қана қоймай, желідегі жүктемені азайтуға, электр қуатының үзілу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.


Соңғы жылдары шаһардағы 271 көшеге жарық шамдары орнатылып, 1000-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің ауласын жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Мұның тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор. Жарықтандырылған көшелер мен аулалар түнгі уақытта жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының, құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерінің алдын алуға ықпал етеді. Әсіресе балалар алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары, тұрғын үйлердің кіреберістері мен қоғамдық кеңістіктердің жарық болуы тұрғындардың өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл ретте «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қауіпсіздік шараларын жетілдіру тек құқық қорғау органдарының жұмысымен шектелмей, қалалық ортаны абаттандыру, жарықтандыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту арқылы да жүзеге асатынын атап өткен жөн.


Сонымен қатар бүгінде «Жамбыл ГРЭС» АҚ-да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын аумағында қуаты 210 МВт болатын жаңа электр станциясының құрылысы қолға алынған.


Жалпы, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көшелер мен аулаларды жарықтандыру және электр қуатымен қамту сенімділігін арттыру – Таразды қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналдыру жолындағы өзара сабақтас міндеттер. Себебі қауіпсіздік тек бейнебақылау камералары мен құқық қорғау шараларынан тұрмайды.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар Тараздың заманауи талаптарға сай дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қоғамдық қауіпсіздіктің артуына қызмет етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.