️Қостанай облысында жол апатынан 50 адам көз жұмды
Жыл басынан бері өңірде 50 адам жол апатынан қаза тапты. Осылайша аймақ ел бойынша антирейтингті бастап тұр.
Апаттардың басым бөлігі трассаларда болған. Негізгі себеп – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы.
Полиция дерегі бойынша:
▫️оқиғалардың 95%-ы жүргізушілердің кінәсінен;
▫️166 мыңнан астам жол ережесін бұзу тіркелген;
▫️1000-нан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған;
▫️963 адам қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.