Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

“Жел, тұман, көктайғақ”: Жұмада Қазақстанның 17 облысында ауа райы бұзылады

0 1 271
Синоптиктер жұма, 7 ақпанда ауа райы бұзылатынын хабарлап, дауылды ескерту жариялады

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде.

• Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел күндіз солтүстік аймақта 15-20 м/с дейін күшейеді.

• Қызылорда облысында солтүстіктен соққан жел солтүстік пен орталықта 15-20 м/с дейін сақталады.

• Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

• Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде боран, шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с.

• Маңғыстау облысында батыс пен солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

• Алматы облысы мен Алматы қаласында және Қонаевта жолдарда көктайғақ болады.

• Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында боран, солтүстігі, орталығы және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласында түнде желдің екпіні 15-18 м/с.

• Батыс Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан жел батыста, оңтүстікте және шығыста 15-20 м/с дейін күшейеді.

• Атырау облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с.

• Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман, ал оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі.

• Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік пен таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с.

• Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман, батысы, оңтүстігі және шығысында желдің күші 15-20 м/с.

• Абай облысының оңтүстігі мен орталығында тұман. Оңтүстік пен оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

• Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

• Павлодар облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

• Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында тұман.

• Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман. Солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Таразда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.