Жастар үшін баспана алу мүмкіндігі кеңейтілді
Жалдамалы баспанада тұратын азаматтар жастарға арналған бағдарламалардан бөлек, «Наурыз» және басқа да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие.
Олардың қатарына «Алматы жастары», «Елорда жастары», «Қамқор» секілді тиімді ұсыныстар кіреді. Бұл мүмкіндік Алматы, Астана, Шымкент қалаларында мемлекеттік жалдамалы пәтерде тұратын азаматтарға да қолжетімді.
Бағдарлама талаптары өзгеріссіз қалды: ең бастысы – несие тарихының таза болуы. Егер үміткердің мерзімі өткен қарызы болса, бағдарламаға қатыса алмайды. Мұндай жағдайда қарызды толық өтеп, үш ай өткен соң қайта төлем қабілеттілігін тексеруге болады.