Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жаңалықтар Қазақстан олимпиадағы бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

0 4 975
Бұл туралы ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешова телеграм-арнасында жазды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті бокстан Париж олимпиадасын ұйымдастырып жатқан Paris boxing Unit ұйымына кейбір қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен төрешілерге шағым түсірді.

Ұйымдастырушылар төрешілердің жұмысын тексеруді бастаған.

«Олимпиадада бокс турнирін ұйымдастырушылар ескертуді қаперге алып, тексеруге уәде берді. Көрсетілген төрешілердің жұмысын тексеру басталды. Бірақ бұл процедура жекпе-жектердің нәтижесіне әсер етпейді. Регламентке сай, өтіп кеткен жекпе-жектердің нәтижесі өзгермейді. Бірақ төрешілер жұмысында қателік табылса, олар жарыстан шеттетіледі» деп жазды  Жанар Өтешова.

Еске салайык, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Қазақстанның жеті боксшысы лицензия алған еді. Алайда жеті боксшының бесеуі жарысты ерте аяқтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.