Жамбылдық бұрымды боксшы Азия ойындарының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Елнура Қоңырат (+80 кг) салмақ дәрежесінде Азия ойындарының финалына шықты.
Ол жартылай финалда ирандық спортшы Фатиме Ратигармехженабадиді сенімді түрде жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Елнура жекпе-жек барысында қарсыласына мүмкіндік бермей, жоғары шеберлігін көрсетті.
Финалда отандасымыз алтын медаль үшін күреседі.