Жамбылда аудандық аурухана ғимаратын реконструкциялауға Т2,3 млрд-қа жуық жұмсамақ
Жамбыл облысында аудандық аурухана ғимаратын реконструкциялауға Т2,3 млрд-қа жуық жұмсамақ.
«Тапсырыс беруші – «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы — тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы — Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Бауыржан Момышұлы көшесі, №19 мекенжайы бойынша «Талас ауданының жапсаржайы бар 200 төсектік орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК ғимаратын реконструкциялау; саны — бір; өлшем бірлік — жұмыс; жоспарлы сома — Т2 269 535 287», — деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 9 маусымда басталып, 12 маусымға дейін жалғасады.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі керек. Жұмыстарды орындау мерзімі: құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы актіге қол қойылған күннен бастап 11 ай», — деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.