Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында көшеге қоқыс тастағандар бейнебақылау камералары арқылы анықталуда

0 195

Жамбыл облысында тазалық талаптарын бұзып, қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізіп, бейнебақылау камераларының көмегімен заңсыз әрекеттерді анықтауда.

Жыл басынан бері белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың 145 дерегі тіркелген. Барлық құқық бұзушылар анықталып, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, кейбір азаматтар көлік ішінде отырып темекі тұқылын сыртқа лақтырса, енді бірі тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге төгіп кеткен.

Қазіргі таңда мұндай әрекеттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды қарапайым тазалық ережелерін сақтауға және қоқысты арнайы орындарға тастауға шақырады. Ережені бұзғандарға заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.