Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Заманынан озған жүйрік ақын» атты поэзия кеші өтті.

0 1 550

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Заманынан озған жүйрік ақын» атты поэзия кеші өтті.

Жазушының өмірі, өнері, ақындығы жайында Аркадий Гайдар атындағы №35 орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рахимова Ләйлә Мирзадилова сөз сөйлеп, тағылымы мол ақпараттармен бөлісті. Тараз өңірлік университетінің студенті Аманбек Нұрболат ақынның шығармашылық еңбегімен таныстыра отырып, қатысушылардың рухани танымын кеңейтті.


Кеш соңында оқырмандар Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқып, Алғыс хаттармен марапатталды. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.