Ресми ақпарат
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 шілдеде, Астана уақытымен сағат 14:30-да жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің сезілу деңгейі келесі елді мекендерде байқалды: Құлан – 6 балл, Меркі – 5 балл, Шу – 3 балл, Сарыкемер – 3 балл, Төле би – 3 балл, Тараз – 3 балл, Аса – 2 балл, Мойынқұм – 2 балл, Қордай – 2 балл, Б. Момышұлы – 2 балл, Қаратау – 2 балл, Т. Рысқұлов – 2 балл.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Тиісті лауазымдар
Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында.
Аталған оқиға бойынша ТЖМ командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-55-96-21
Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67
Өңір тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз!