Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қордайдағы 10 ауылда ауызсу желісі пайдалануға берілді

0 34
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қордай ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің бастамасымен жалпы құны 8,6 миллиард теңге болатын жоба аясында 10 елді мекенде су желілерінің құрылысы аяқталып, Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары толықтай орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды.

Қазіргі таңда тағы 4 ауылда – Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск – құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 ауылдарын ауызсумен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл бағытта тиісті жобалаушы ұйымдармен келісімшарттар жасалған.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша биыл 15,4 миллиард теңгеге 36 ауылдық елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Нәтижесінде өңір ауылдарындағы ауызсу мәселесі толық шешіліп, қамту деңгейі 100%-ға жетпек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.