Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстандық Данна Қарағұсова ғарыш сапарын сәтті жүзеге асырды

0 36
Данна Қарағұсова – ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ әйелі атанды

Қазақстандық Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен суборбиталық ғарыш сапарына қатысып, оны сәтті аяқтады. Ұшырылымның бейнежазбасы компанияның YouTube арнасында жарияланды.

Экипаж құрамында Данна Қарағұсовамен бірге Джефф Элджин, Клинт Келли ІІІ, Уилл Льюис, Аарон Ньюман және Виталий Островский болды.

Экипаж мінген капсула жер бетінен 106 шақырым (теңіз деңгейінен 107 км) биіктікке көтерілді. Ұшу миссиясының жалпы ұзақтығы – 10 минут 21 секунд.

NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ші пилоттық ұшу. Осы күнге дейін New Shepard арқылы ғарышқа 86 адам аттанған.

Blue Origin компаниясының алғашқы суборбиталық ұшуы 2021 жылдың 20 шілдесінде өткен болатын. Сол сапарға америкалық миллиардер, Amazon және Blue Origin компанияларының негізін қалаушы Джефф Безос та қатысқан еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.