Қазақстан халқы 20,4 миллионнан асты
1 қазанға дейінгі дерекке сәйкес, елімізде тұрғындар саны 20 445 231 адамға жеткен.
Бұл — жыл басынан бері 161 832 адамға көп. Оның 151 632-сі табиғи өсімнің, ал 10 200-і көші-қонның есебінен артқан.
Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Бүгінде халқы миллионнан асқан жеті өңір бар:
• Алматы қаласы – 2 337 023 адам
• Түркістан облысы – 2 148 207
• Астана қаласы – 1 612 512
• Алматы облысы – 1 586 875
• Шымкент қаласы – 1 286 087
• Жамбыл облысы – 1 216 849
• Қарағанды облысы – 1 131 818
Жалпы алғанда, елімізде халық санының өсімі тұрақты қарқынмен жалғасуда.