Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қайтарылған активтер есебінен Жаңаөткел ауылы ауызсумен қамтылды

0 25

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту — халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы негізгі мақсаттардың бірі екені белгілі.

Бүгін аудан орталығынан шалғай жатқан шағын елді мекен – Жаңаөткел ауылы прокуратурамен қайтарылған активтер есебінен салынған сапалы ауызсу жүйесіне қол жеткізді.
Ауыл болып аталғалы жерасты суын пайдаланып келген жаңаөткелдіктер үшін бұл үлкен қуаныш.

Тұрғындарды қуанышымен Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы құттықтады.

– Ауыл өміріндегі айтулы күнде сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Тіршілік нәрінің игілігін ұзағынан көріңіздер. Бәріңізді шаттыққа бөлеген осындай шуақты сәттер көп болсын деп тілеймін. Әлбетте, «Су – тіршілік көзі» деген салмақты сөзді дана халқымыз бекер айтпаған. Тіршілік дүниесіне терең үңіліп қараған адам бұл ұғымның растығын, қара судың қадірін аңғармай қалмайды. Осыған орай прокуратурамен қайтарылған активтер есебінен сапалы ауызсумен қамтамасыз ету міндеті бүгінде өз жемісін беріп отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын, — деді Нұрғалым Мәжитұлы!

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, Жаңаөткел ауылынан бөлек ауданға қарасты Жұма, Өрнек ауылдары да ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін өңір толық ауызсумен қамтылатынын атап өтті.

Аядай ауыл мемлекет назарынан тыс қалмағанын айтқан ауыл ақсақалы Кендебай Оңғарбаев алғысын білдірді.

– Бұл күнді қаншама жыл күттік. Жерасты құдығымыз қыс мезігілінде қатып қалып талай әбігерге түсірсе, оның сапасын айтпасақта түсінікті.
Сондықтан бұл біздер үшін тек қуаныш қана емес, тарихи сәт. Ауыл азаматтарын осы қуанышты күнмен құттықтаймын! Ат төбеліндей ауылға осындай игілікті іс атқарған мемлекетімізге, басшыларға рақмет айтамын, — деді қария өз сөзінде.

Ауыз су жүйесінің құрылысына мемлекеттен 379 млн 236 мың теңге қаржы қаралған. Құрылысты «Пырақ — Құрылыс» ЖШС қолға алып, бүгінде 75 үйдің ауласына ауызсу құбыры тартылды
отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.