Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Партиялар сайлаушылармен кездесуде: апталық шолу

0 790

2026 жылғы шілде айында басталған үгіт-насихат кезеңіне сәйкес саяси партиялардың Жамбыл облыстық филиалдарының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларына 2026 жылғы 23–30 шілде аралығында шолу жүргізілді. Шолу барысында партиялардың ақпараттық белсенділігі, жарияланымдардың жүйелілігі, аудиториямен өзара байланысы және үгіт-насихат жұмыстарының әлеуметтік желідегі көрінісі талданды.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде партиялардың Instagram парақшаларының белсенділігі әртүрлі деңгейде екені анықталды.

«Әділет» партиясы зерттелген кезеңде ең жоғары белсенділік танытуда. Апта ішінде жарияланған посттар мен Reels бейнероликтерінің саны көп болды. Сонымен қатар, қаралым, лайк, пікір және репост көрсеткіштері өзге партиялармен салыстырғанда жоғары. Партияның кездесулері мен үгіт-насихат іс-шаралары тұрақты жарияланып, аккаунт жүйелі жүргізілген. Аудиториямен кері байланыс та жақсы деңгейде ұйымдастырылған.

Respublica партиясының Instagram парақшасы тұрақты жүргізілген.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) аккаунтында әлеуметтік мәселелерге арналған жарияланымдар саны аз.

«Ауыл» партиясы кездесулер мен түрлі іс-шараларды жариялауда белсенділік танытқан.

Қазақстан Халық партиясының жарияланымдары мазмұнды әрі сапалы дайындалған. Контентте патриоттық бағыт айқын байқалады, ақпарат беру стилі жүйелі және аудиторияға түсінікті. Партияның ақпараттық жұмысы жалпы алғанда жақсы деңгейде ұйымдастырылған.

«Ақ жол» партиясының Instagram парақшасында қазақ тіліндегі материалдардың үлесі төмен.

Baitaq партиясының аккаунтында жарияланымдар саны аз және өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жеткіліксіз.

Қорытынды

Жалпы алғанда, партиялардың әлеуметтік желідегі ақпараттық жұмысының тиімділігін арттыру, қазақ тіліндегі материалдардың үлесін көбейту, сондай-ақ ReelsStories форматтарын және аудиториямен кері байланыс құралдарын (пікірлер, сауалнамалар, тікелей эфирлер) белсенді пайдалану маңызды. Бұл өз кезегінде партиялардың ақпараттық қамтылуын күшейтіп, тұрғындардың қызығушылығы мен қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Шолу Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.