Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Олжас Сүлейменов Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

0 33

Қазақстанның белгілі ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нобельдің бейбітшілік премиясына ұсынылды.

Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

— Алматыда өткен партияның V қалалық конференциясында маңызды әрі тарихи шешім қабылданды. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев әйгілі жазушы, қоғам белсендісі, “Невада–Семей” антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовті Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынғанын мәлімдеді, — делінген хабарламада.

Партия өкілдері бұл бастама ақынның тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдік қауіпсіздік жолындағы еңбегін жоғары деңгейде мойындау екенін атап өтті.

— Сүлейменовтің “Невада–Семей” қозғалысы аясында атқарған қызметі Семей ядролық полигонының жабылуына шешуші ықпал етті. Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық белсенділігінің арқасында АҚШ-тың Невада штатында және тағы бірнеше елде төрт ірі ядролық сынақ алаңы жабылды. Бұл — жаһандық қауіпсіздікке қосылған

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.