Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Наурызбай ауданының комьюнити орталығында «Jas Sheber» атты шығармашылық қолөнер көрмесі өтті.

0 106

21 ақпан күні Наурызбай ауданынының комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Jas Sheber» шығармашылық қолөнер көрмесі өтті.

Көрмеде  шығармашылық қолөнерге бағытталған 10 орталық қатысты. Олардың ішінде «Тұмар», «Бәйтерек», «Алтын жіп» және т.б орталықтар жастар арасында танымал болып жүрген қолдан жасалған бұйымдарын өздерінің туындыларын ұсынды.Сонымен қатар, іс-шара барысында қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытып жүрген жастарға шеберлік сағаттар өткізілді.

Көрменің басты мақсаты – ауданда орналасқан орталықтардың жұмыстарын көрсетіп, жастарды қолөнерге баулу, шығармашылықты жастар арасында кеңінен насихаттау.

– Шыны керек, көрмеге қойылған әртүрлі жұмыстарды көріп таң қалдым. Он қолынан өнер тамған шеберлердің қолынан туған бұндай жұмыстар адамға шабыт береді екен. Мысалы, өзімнің қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығым артып жатыр. Келешекте өзім де осы іспен айналысып көргім келеді, – дейді көрме көрермені.

Қолөнер бұйымдары – ұлттық мәдениетімізді айқындайтын мәдени туындылар екені ақиқат. Жастар арасында ұлттық мұраны дәріптеп, оны жаңғырта отырып, жастардың бойына сіңіру ұлт мәселесінің күн тәртібінде тұрған аса маңызды шара.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.