Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Мәсімовтың аукционда өтпей қалған зәулім сарайы әлеуметтік қажеттілік үшін қала меншігіне өтті

0 34
18 жылға сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың бас қаладағы зәулім сарайы әлеуметтік мақсаттар үшін қала меншігіне берілді.

Елорданың бай-бағландар қоныстанған Қараөткел ауданында орналасқан бұрынғы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы әлеуметтік мұқтаждықтар үшін қала иелігіне өтті.

1,6 миллиард теңгеге бағаланған нысан үш рет аукционға қойылғанымен, сатып алушы табылмады. Енді бұрынғы ҰҚК басшысының экс-резиденциясының тағдырын қалалық билік шешетін болады.

Бұл — жоғары лауазымды шенеуніктерден тәркіленген жылжымайтын мүліктің әлеуметтік мақсаттар үшін пайдалануға берілген алғашқы жағдай емес.

— 2025 жылдың 18 сәуірінде “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімі порталында электронды сауда өткізу туралы хабарландыру жариялады. Саудаға Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағынауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайындағы тұрғын үй қойылды. Бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңгені құрады, – деп мәлімдеді Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.