Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Хуторлық Хасанның ісінде тағы бір жәбірленуші бар — адвокат

0 12

Хуторлық Хасан Қасымбаевтың ісінде тағы бір жәбірленуші бар. Бұл туралы бірінші жәбірленушінің адвокаты Алишер Алишев мәлімдеді, деп хабарлайды zau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

— Иә, қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша екі жәбірленуші бар. Істің толық мән-жайын әзірге айта алмаймын. Бірақ іс бопсалау дерегі бойынша қаралып жатқанын растаймын, дейді адвокат.

БІРІНШІ ЖӘБІРЛЕНУШІ

Хасан Қасымбаев былтыр 2 қараша күні  2021 жылғы маусымда болған іс аясында ұсталған. Ол А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оны ұрлады деген күдікпен ұсталғандардың бірі. Хасан Қасымбаевтан өзге қылмыскерлер қазіргі уақытта жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.

ҚАСЫМБАЕВ ТУРАЛЫ

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың қазасынан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.