Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан мен Испаниямен тең түсті

0 57
Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты бастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы ойынында Испаниямен кездесіп, тең түсті.

Ойын өте тартысты басталған. Соған қарамастан ұлттық құрама ойыншысы Біржан Оразов небәрі бесінші секундта қарсыластар қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды.

Алайда қызуқанды испандықтар ойынның 17-минутында Хесус Гордильо есепті теңестірді. Осылайша құрамалар 1:1 есеп нәтижесімен тең тарқасты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ-испан ойыншылары  4 мәрте кездессе, барлығында испаниялық футзалшылар жеңіске жеткен еді.

Енді Қазақстан құрамасы D тобында 18 қыркүйекте Ливиямен ойнаса, Испания Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.