Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Енді несие алу қиынға соқпақ: кімдерге шектеу қойылады?

0 53
Қазақстанда несие алуға қойылатын талаптар қатаңдайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктерге қатысты қағидаларға өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа қаулы жобасын әзірледі.

Құжат банк қызметін реттейтін нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған. Негізгі мақсат – тұтынушылық несиелердің шамадан тыс өсуін шектеу және азаматтардың артық қарызға батуының алдын алу.

Жобаға сәйкес, соңғы 12 айда 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Бұл шара мұндай қарыз алушылардың қосымша несие алу мүмкіндігін азайтып, қайтадан қарызын өтей алмай қалу қаупін төмендетуге ықпал етпек.

Сонымен қатар, кепілсіз тұтынушылық несие беруге келесі жағдайларда шектеу енгізіледі:

банктік қарыздар бойынша 30 күннен астам, не микрокредит бойынша 1 күннен артық кешіктірілген жағдайда;

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап соңғы үш жыл ішінде негізгі қарыз және/немесе сыйақы толық кешірілген болса;

соңғы 12 ай ішінде қайта құрылымдаудан өтіп, алайда міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда.

Агенттік жаңа талаптар халықтың төлем қабілеттілігін ескеріп, қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға көмектеседі деп отыр.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің ресми сайтынан танысуға болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.