Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Елімізде жүз жастан асқан 448 адам бар

0 49
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда бүгінде 100 жастан асқан 448 азамат бар. Ең қарт тұрғын – Ұлытау облысының тұрғыны, ол жуырда 115 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Жүз жастан асқандардың ең көбі Алматы қаласында тұрады – мұнда 58 адам бар. Ұзақ өмір сүрушілердің саны бойынша Түркістан облысы екінші орында (53 адам), ал үшінші орынға Алматы облысы шыққан (37 адам).

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытаудағы 115 жастағы қария, Павлодар облысындағы 113 жастағы және Жамбыл облысында тұратын 110 жастағы тұрғын кіріп отыр.

Айта кетейік, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мерекені 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ресми түрде жариялаған. Оның басты мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекетке қосқан үлесін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне назар аудару және өмір сапасын жақсартуға қолдау көрсету.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.