Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзасынан айырған ер адам сотталды

0 38

Алматы облысында 13 жыл бойы отбасылық зорлықтың құрбаны болған Қамар Алпамысқа жасалған қылмыс үшін оның бұрынғы күйеуі сотталды. Жәбір көрген әйел соққы салдарынан ішкі ағзаларынан айырылып, мүгедек болып қалған.

Ол заңгер Инга Иманбайдың көмегімен Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз түсіріп, «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қамардың айтуынша, тергеу барысында сегіз ай ішінде төрт тергеуші ауысып, іс баяу жүрді.

 

Сот ер адамды қамауға алып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Қамар Алпысқа моральдық зиянды өтеу және материалдық шығынды азаматтық талап қою арқылы өндіру құқығын бекітті. Үйдің жартысы Қамарға қайтарылды.

«Қамардың оқиғасы – отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің әділет жолындағы күресінің шынайы нәтижесі. 13 жыл бойы күйеуінен зәбір көрген Қамар маған жүгінген кезде қылмыстық іс тоқтап тұрған. Менің араласуымнан кейін тергеу қайта жанданды, күдікті деп танылған күйеуі сотқа тартылды. Бір жылдан астам уақыт үш баласымен пәтер жалдап келген Қамар енді өз үйіне оралады. Бұл – зорлық-зомбылық құрбандары үшін үлкен жеңіс», – деді заңгер Инга Иманбай.

Еске салсақ, Алматы облысында 34 жастағы Қамар Алпамыс 13 жыл бойы күйеуінен көрген зорлық-зомбылық туралы айтып берді. Күйеуінің соққысынан ол ішкі ағзаларынан, тістерінен айырылған, денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.