Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

ТУЛАҚБАЕВ НҰРЖАН БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ – №1 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН КАНДИДАТ

0

«Respublica» партиясынан Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына №1 сайлау округі бойынша кандидат Тулақбаев Нұржан Бейсенбайұлы сайлаушыларға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

Кандидаттың негізгі мақсаты – Ақтоған және Т. Рысқұлов ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары:

▪️ Жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы. Жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын бизнесті дамыту және Ақтоған ауылдық округіндегі «Молалы» ағын су жүйесінің құрылысын жеделдетуге ықпал ету.

▪️ Ауылдардың тазалығы мен қауіпсіздігі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен жол белгілерін орнату мәселелерін көтеру.

▪️ Шағын және орта бизнесті қолдау. Кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын арттыруға жағдай жасау.

▪️ Қоғамдық демалыс орындары. Балалар ойын алаңдарын, саябақтарды, спорттық және демалыс орындарын көбейту.

▪️ Мәдениет, спорт және білім. Әлеуметтік салалардың дамуына, жастар бастамаларына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қолдау көрсету.

Нұржан Бейсенбайұлы тұрғындармен бірлесе жұмыс істеп, ауылдардың дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға күш салуға ниетті.

Ауыл дамуы – ортақ жауапкершілік!

Leave A Reply

Your email address will not be published.