ДҮЙСЕБАЕВ ЕРБОЛ КӘРІБАЙҰЛЫ – №7 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН КАНДИДАТ

«Respublica» партиясынан Меркі аудандық мәслихатының депутаттығына №7 сайлау округі бойынша кандидат Дүйсебаев Ербол Кәрібайұлы сайлаушыларға өз бағдарламасын таныстырады.
Мемлекеттік қызмет, құқық және халықты жұмыспен қамту салаларында мол тәжірибе жинақтаған кандидат өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді шешуге басымдық береді.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:
▪️ Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету;
▪️ М. Әуезов атындағы мектеп-лицей ғимаратын жаңғырту мәселесін көтеру;
▪️ Сарымолдаев ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға ықпал ету;
▪️ Ойтал және Екпінді ауылдарындағы ауызсу желілерін жаңғырту;
▪️ Екпінді ауылындағы электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату;
▪️ Бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен тұрақты байланыс орнату.
Кандидаттың басты мақсаты – №7 сайлау округі тұрғындарының мүддесін қорғап, елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Тұрғындардың мүддесі – нақты іспен қорғалады!