Таразда дәрілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымына бақылау күшейтілді
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында қалада есірткіге тосқауыл қою мақсатында оның таралу арналарының алдын алумен қатар, дәрілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымына да бақылау күшейтілді.
Осы бағытта қалалық полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізілуде.
Шара барысында бүгінге дейін 28 дана «Тригоболин» психотроптық заты, 3 келі 800 миллиграмм марихуана, 25 данаға оралған синтетикалық есірткі және 3 дана азот тотығы тәркіленді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 82-бабына сәйкес, дәрігердің рецептінсіз арнайы санаттағы дәрілік заттарды тұтынушыларға сатқан дәріханалар да жауапкершілікке тартылды.