Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жуалыда тағы бір ауыл таза ауыз сумен қамтылды

0 31
Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба – «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылына ауыз су құрылысы» жобасы сәтті аяқталып, жаңа ауыз су жүйесі салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Бейбітбекұлы Керемқұлов, Жуалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Есенбекұлы Жатқанбаев, ардагерлер, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жатқанбаев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтап, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдың тұрақты дамуына жол ашады.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 21 шақырым 664 метр болатын ауыз су құбыры тартылды. Соның нәтижесінде Көлбастау ауылындағы 714 тұрғын үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, 3927 тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізді. Бұл өз кезегінде ауыл халқының тұрмысын жақсартып, санитарлық-гигиеналық жағдайдың көтерілуіне және тұрғындардың әл-ауқатының артуына оң ықпал етпек.

Құрылыс жұмыстарын «Интеллект Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Салтанатты жиында жобаны белгіленген мерзімде әрі сапалы орындаған мердігер мекеме мен құрылысшылардың еңбегі ерекше аталып, оларға алғыс білдірілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.