Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Кең дала 2» бағдарламасы аясында 6 жоба қаржыландырылды

0 38
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асырылатын «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жалпы құны 320 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды. Қаржы арпа, бидай, жүгері және қант қызылшасы дақылдарын егуге бағытталды.

Бағдарлама шеңберінде Бостандық ауылдық округіндегі «Зерхат» шаруа қожалығына 242 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қаратау ауылдық округіндегі «Кеңескүл апа» және «Ардақ» шаруа қожалықтарына жалпы 40 млн теңге, С.Шәкіров ауылдық округіндегі «Бөрі» және «Талант» шаруа қожалықтарына 26 млн теңге, ал Тамды ауылдық округіндегі «Қыдырбек» шаруа қожалығына 12 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік қолдау шаралары шаруалардың айналым қаражатын толықтырып, егіс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына мүмкіндік беруде. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.