Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

0 25

Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтың төрағалығымен және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жоғары және орта білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстағы барлық мектеп директорлары қатысты.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтің және буллингтің профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша әрбір білім беру ұйымына жауапты лауазымды тұлғаларды, оның ішінде ювеналдық полиция қызметкерлерін бекіту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін қайта қарау, басқару үдерісін орталықтандыру және өздеріне тән емес функциялардан босату жоспарлануда.

Облыс әкімі сынып жетекшілерінің жүктемесін тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға басымдық бере отырып оңтайландыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне жанжалды жағдайлар мен күдікті тұлғаларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Бұдан бөлек, прокуратура әзірлеген аутодеструктивті мінез-құлық белгілері бар жасөспірімдерді анықтау алгоритмін енгізу көзделуде.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға балалардың қауіпсіздігін күшейту және олардың бос уақытын, оның ішінде жазғы демалыс кезеңінде тиімді ұйымдастыру бойынша қосымша тапсырмалар берілді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.