Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Тараздағы №37 мектепте «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті

0 56

2026 жылғы 25 мамыр күні Тараз қаласындағы Ы. Сүлейменов атындағы №37 мектепте «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Мерекелік шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Туксанбаева, сондай-ақ аталған мектептің түлегі, жеке кәсіпкер Елдос Куздеубеков арнайы қатысты.

Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Кулаш Абдуллаева мен мектеп түлегі Елдос Куздеубеков «Жомарт түлек — 2026» жобасы аясында меморандумға қол қойды.

Жобаның мақсаты — оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, оларды жақсы оқуға ынталандыру, сондай-ақ оқу озаттары мен белсенді оқушыларға қолдау көрсету.

Меморандум аясында Елдос Куздеубеков оқу озаттарына, мектептің белсенді оқушыларына және ұстаздарға демеушілік көмек ретінде ақшалай сыйақы табыстады. Құжатта мұндай қолдау көрсету дәстүрі жыл сайын жалғасын табатыны атап өтілді.

Бұл игі бастама оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, олардың жетістігін бағалаудың жарқын үлгісіне айналды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.