Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

0 17

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттер үйінде «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, студент жастармен ашық сұхбат жүргізді. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — кибербуллинг тақырыбы қозғалып, әлеуметтік желілердегі қорлау, психологиялық қысым көрсету және интернет қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді. Мамандар студенттерге кибербуллингтің алдын алу жолдарын түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік туралы айтып өтті.

Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай тағылымды шаралар жастар арасында қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.