Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба іске қосылады

0 45
Облыс орталығында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс орындарын ашу және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Әсіресе экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріліп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Соңғы жылдары өңірде өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жобалар қолға алынды.

Нәтижесінде 2023-2025 жылдар аралығында жалпы құны 50,9 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 1 039 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыспен қамту деңгейін арттырып қана қоймай, жергілікті экономиканың дамуына да оң әсерін тигізуде.

Ал биылдың өзінде жалпы құны 5,2 млрд теңге болатын екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Аталған жобалар өндіріс көлемін ұлғайтып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы құны 56 млрд теңгені құрайтын бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда қосымша 400 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.