Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Таразда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 5 есеге артты

0 46
Тараз қаласының тарихи-географиялық орналасуы туризм индустриясын дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне шаһар ғасырлар бойы мәдениет пен өркениеттің тоғысқан мекені ретінде танылып келеді. Бүгінде қалада туризм саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, туристер үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптасуда.

Қазіргі таңда Таразда 28 туристік ұйым, 123 орналастыру орны және 9 туристік нысан қызмет көрсетеді. Аталған нысандар қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіліп, келушілерге сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік жасап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша шаһарға келген туристер саны 117 702 адамға жетіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Мамандар мұны өңірдегі туристік әлеуеттің артуымен және қызмет көрсету сапасының жақсаруымен байланыстырады.

Сонымен қатар биыл туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда бес есеге өскен. Бұл салаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Алдағы 2026-2027 жылдары туризм бағытында тағы төрт ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жаңа жобалар аясында заманауи демалыс орындары мен туристік кешендер салу көзделіп отыр.

Туризмді дамыту ісіне жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысуда. Соның нәтижесінде қалада жаңа қонақ үйлер ашылып, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының саны артып келеді. Сонымен бірге тұрғындар мен туристердің демалысына арналған жаңа аймақтар бой көтеруде.

Шаһардың сауда инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Қала аумағындағы базарларды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында арнайы Жол картасы бекітіліп, оның аясында 15 сауда базарын қайта жаңарту жоспарланған.

Бүгінде «Нұралы», «Салтанат» және «Якка сарай» базарларындағы жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал «Жібек жолы» базарында құрылыс және жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастамалар сауда орындарының келбетін жақсартып қана қоймай, сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы, Тараз қаласында туризм мен қызмет көрсету саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар өңір экономикасының дамуына серпін беріп, қаланың туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік жасап отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.