Жамбыл облысында екі жасөспірім өлі табылды
Қордай ауданы Қаракемер ауылында екі оқушының мәйіті табылды.
Өңірлік полиция бұл жағдайдың суицид екенін хабарлады.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Желіде тараған ақпарат бойынша олардың денесі сарайдан табылған.