Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстандықтар 500 мың теңге үшін Алагөзовтердің үйін жарыса мақтап жатыр

0 31

Бейбіт Әлібековтің «По домам» YouTube-жобасының кезекті шығарылымы қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен оның жары, продюсер Баян Мақсатқызының зәулім үйіне арналды. Жарасымды жұп осы шығарылым туралы әдемі пікір иесіне 500 мың теңге немесе продюсердің бренд сөмкесін сыйға тартпақ.

АУМАҒЫ 4 ГЕКТАРДАН АСАТЫН ЗӘУЛІМ ВИЛЛА

Сәні мен салтанаты жарасқан вилла Алматы іргесіндегі таулы аймақта орналасқан. Аумағы 4 гектарды құрайды, ал үйдің жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асады. Әр бөлмесі талғампаздықпен жабдықталған шаңырақтың ішкі әрлеуінде жылтыр мәрмәр, қымбат дизайнерлік жиһаздар және кең киім бөлмелері көзге түседі. Үлкен шкафтарда әлемдік брендтердің — Louis Vuitton, Swarovski, Hermès (Birkin, Kelly және сирек кездесетін лимитті үлгілер) өнімдері сақталған.

ҮЗДІК ПІКІРГЕ – 500 МЫҢ ТЕҢГЕ

Шығарылым соңында Бейбіт Әлібек үй иелерінен ең үздік пікір үшін қандай сый ұсынатындарын сұраған. Кәсіпкер жеңімпазға 500 мың теңге беруге дайын екенін айтты. Ал әйел адам ұтқан жағдайда Баян Мақсатқызы өзінің брнед сөмкелерінің бірін сыйға бермек.
1 тәулік ішінде видео 550 мыңға жуық көрілім жинап, 13 мыңнан астам пікір жазылған.  Желі қолданушылары бұл жұптың қарым-қатынасына, бір-біріне деген сыйластығына таңданыстарын жасырмай жатыр. Пікір жазғандардың көбі бұл шығарылымнан кейін өздерінің тұрып жатқан үйлері лашық тәрізді болып көрінетінін айтқан. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.