Трамп Испаниямен сауда қатынасын үзетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Испаниямен сауда қатынасын толықтай тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім Мадрид Иранға шабуыл жасау үшін әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермегеннен кейін қабылданған.
Ал Испания билігі АҚШ-ты халықаралық құқық пен сауда келісімдерін сақтауға шақырып, елдің болашақ сауда мәселесінің салдарымен күресуге жеткілікті ресурстары бар екенін айтты.