Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Украинадағы соғыс басталғалы 4 жыл: БҰҰ мәлімдеме жасады

0 34

Бүгін, 24 ақпанда, Украинадағы ауқымды соғыстың басталғанына төрт жыл толды. Осы күнге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасап, Ресейдің басып кіруі БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын бұзғанын еске салды.

Оның айтуынша, соғыс «ортақ санамызға түскен даққа» айналып, тек өңірлік емес, жаһандық қауіпсіздікке де қауіп төндіруін жалғастырып отыр. Ол қақтығыс жыл өткен сайын қантөгіске ұласып келе жатқанын атап өтті. БҰҰ басшысының мәлімдеуінше, 2025 жылы соғыс басталғалы бері бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандар көбейген.

– Мен әділ, берік және жан-жақты бейбітшілікке апарар алғашқы қадам ретінде дереу, толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға тағы да шақырамын, – деді Гутерриш.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бейбіт келісім БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және бұрын қабылданған резолюцияларға негізделуі тиіс. Ол Украинаның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына құрмет көрсету қажеттігін де бөле-жара атап өтті. БҰҰ басшысы ұйым соғысты тоқтатуға және әділ бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған кез келген бастамаға қатысуға дайын екенін қосты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.