Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты
Оқиға 17 ақпанда «Бейнеу» полигонында далалық атыс жаттығулары кезінде болған.
Ол қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық іс қозғалды.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.