Таразда әйел 4 және 2 жастағы екі баласын терезеден лақтырып жіберді
Желідегі ақпаратқа сәйкес 36 жастағы әйел жатақхананың бесінші қабатынан қызы мен ұлын лақтырып жіберген.
Екі бала да аман қалды.
«Қыз бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды. Миы ісіп, сан сүйегі сынған. Ісікке қарсы терапия жасалды. Аяғына ота жасалады», — дейді дәрігерлер.
Екі жасар ұл да басынан ауыр жарақат алып, миы ісіп кеткен.
Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.