Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Белгілі боксшы қылмыс әлеміндегі «Нойс» оған қару тақап, соққыға жыққанын мәлімдеді

0 55

Бокстан Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің күміс және қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев өзіне жасалған қастандық туралы айтып, көмек сұрады.

— Мені 2025 жылы мамыр айында Иманәлиев Нұржан, Мұқашев Шыңғыс деген екі азамат Ыстамбұлға бапкерлік қызметпен шақырды, солардың үйінде он күндей тұрып, жаттықтыру жасап жүрдім. Он күндей болып, қайттым. Одан кейін елге қайтып келгенімде маған Шыңғыс Мұқашев деген жігіт бірнеше рет хабарласып, “маған бір-екі азаматты “сындыру” керек, осынша ақша беремін, барынша аяқ-қолын сындыру керек” деген біраз іс-әрекетті айтты, –  дейді боксшы. 

Еркебұлан Шынәлиев Шыңғыс Мұқашевқа “ондай нәрселермен айналыспайтынын” жеткізіп, ұсыныстан бас тартқан.

— 3-4 рет сондай хабарлар түсті. Сөйтіп мені 2026 жылы қаңтар айында Ыстамбұл қаласына тағы шақырды. Жаттықтырушылық жұмыспен ақылдасатын нәрселер бар деді. Қаңтар айында ұшып бардым, мені күтіп алды. Сөйтіп мені Ыстамбұлдан 150-200 шақырым жердегі ну ормандағы ғимаратқа апарып, маған бір қағаздарды көрсетіп, ҰҚК адамымын деп мойындайсың деп барынша жалған ақпараттың бәрін айтқызды. Менің басыма тапанша тақап қойды. Мен сасқанымнан, қорыққанымнан не айтып, не істегенімді білмеймін. Мені видеоға түсіріп, үндеу жасатты. Қасында біраз сақалды жігіттер болды, Қырғызстан азаматтары болды. Біраз қылмыс істеп сол жаққа қашқан жігіттерді сол жерде көрдім. Кейін елге аман-есен оралдым, – дейді боксшы. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.