Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Нұрайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

0 17

Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысы болып Мұхтар Қожаев тағайындалды.

Бүгін Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент қаласының полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа басшысын Мұхтар Қожаевты таныстырды.

Ол бұған дейін ІІМ тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқарушылық және тергеу саласында мол тәжірибесі бар екені, тергеушіден бастап орталық аппарат департаментінің басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені атап өтілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді.

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.